Барлық жаңалықтар
Болгарияда VAR операторы тікелей эфирде бәс тіккен
Болгария футболы кезекті дау-дамайдың ортасына түсті.
Қазақстанның ең танымал букмекерлік компаниясы ретінде Olimpbet аталды
Metaratings Top Awards 2025 премиясында компания он номинацияның екеуінде жеңіске жетті.
Асхат Тағыбергеннің кесірінен "Тобылдың" жас жұлдызы "Ақтөбеге" ауыса ма?
Қазақстан Премьер-Лигасында трансферлік терезе жабылуға жақын. Соңғы аптада ең шулы жаңалықтардың бірі — Асхат Тағыбергеннің "Тобылға" қайта оралуы болды. Бірақ бұл келісім қостанайлық клубтағы өзге ойыншылардың тағдырына әсер етіп жатқан сияқты.
Шавкат Рахмоновтың отбасында қуанышты жаңалық: Әпкесі Сора ана атанды (ФОТО)
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасы үлкен қуанышпен бөлісті. Оның әпкесі Сора Рахмонова алғашқы сәбиін дүниеге әкелді. Бұл жаңалықты жұбайы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты әрі джиу-джитсудан спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров Instagram парақшасында бөлісті.
UFC жұлдызы Болат Заманбековпен жекпе-жек өткізеді
Алайда бұл айқас ММА емес, каратэ ережелері бойынша өтеді.
Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды
Отандасымыз украиналық теннисшімен шеберлік байқасады.
Даниал Сапарбай Джалоловтың ізбасарымен жұдырықтасты (ВИДЕО)
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Даниал Сапарбай Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен World Boxing ұйымының әлем кубогы жартылай финалында өнер көрсетті.
Астанадағы айқас алдында Жалолов жайлы мәлімдеме жасалды
Ертең өзбекстандық аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы украиналық былғары қолғап шеберіне қарсы рингке шығады.
Қазақстанның үздік волейболшы қызы Сербия чемпионатының жартылай финалына өтті
Сербия волейбол чемпионатының плей-офф кезеңінде Қазақстанның үздік волейболшысы Сана Анарқұлова өнер көрсететін "Уб" клубы ширек финалда "Стара Пазова" командасымен кездесті.
Астанада интернет нашар ұстайтын аудандар анықталды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астанада интернет сапасы төмен аудандарды атады. Ведомствоның мәліметінше, бұл мәселелер ұялы байланыс операторларымен бірлесіп шешіліп жатыр.
Өзбекстандағы этникалық қазақ жартылай финалда бразилиялық боксшымен жұдырықтасты
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымдастырған әуесқойлар арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр.
"Айына 10 мың еуро жұмсаймын": Қазақстанның қос дүркін чемпионы табысы жайлы ашық айтты
Қазақстан Премьер-Лигасының екі дүркін чемпионы, сербиялық шабуылшы Джордже Деспотович қазіргі футболшылар арасында кең таралған "айына 300 еуромен өмір сүруге болады" деген пікірге күмәнмен қарайтынын жеткізді.
EXPO-2017 экс-басшысы Талғат Ермегияев 9 жылын өтегенімен бостандық сұрамай отыр
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы, экс-министр Талғат Ермегияев 9 жыл түрмеде отырса да, шартты түрде мерзімінен бұрын босау құқығын пайдаланған жоқ.
Чемпиондар лигасында қомақты табысқа кенелген клуб белгілі болды
Еуропалық футбол қауымдастығы (UEFA) жариялаған ресми есепке сәйкес, "Реал Мадрид" өткен маусымда Чемпиондар лигасында жеңіске жеткені үшін 138,8 миллион еуро көлемінде сыйақы алды. Бұл маусым бойынша ең қомақты табыс.
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі: әкімдік пен министрлікке билеттер тегін таратылған
"Nomad Promotions" промоутерлік компаниясының құрылтайшысы Рустам Қуаншалиевтың айтуынша, осы уақытқа дейін билеттердің жартысынан сәл астамы сатылып кеткен.
Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде құлдырады
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.
"Қазақтың Мессиі" әке атанды
Қуанышты жаңалықты "Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
«Тағамдарыңыз дәмді дейді, бірақ...»: Жәнібектің қарсыласы неге ұлттық тағамнан дәм татпай жүр?
Бүгін, 3 сәуір күні, Астанада Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссеннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткен болатын.
"Жарқ етіп сөнген 20 жас". Бекзат Саттарханов туралы жинақ жарық көрді
Даңқты боксшы, олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай жинақ жарық көрді
Баходир Жалолов: Иван Дычкомен кездесу маған қызық емес
Десе де, өзбек боксшысы жақсы қаржы ұсынылса, кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтып қалды.