Жарнама
Жарнама
Кубеев Алихан

Кубеев Алихан

Бокс шолушысы

Алихан Кубеев — penalty.kz сайтының бокс шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазады. Негізгі тақырыптары — жекпе-жек пен футбол: Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Асу Алмабаев сынды спортшылардың айқастары, «Қайраттың» еурокубоктағы матчтары және қазақстандық ойыншылардың трансфері. Сонымен қатар күнделікті жаңалықтар легін жүргізіп, теннис пен автоспортқа қатысты материалдар дайындайды, Елена Рыбакинаның турнирлердегі өнерін қадағалайды. Сайтта екі жарым мыңнан астам мақаласы жарық көрген.

Күрестен Қазақстан жұлдызы ел кубогының финалына шықты (ВИДЕО)
Жекпе-жек

Күрестен Қазақстан жұлдызы ел кубогының финалына шықты (ВИДЕО)

Астанадағы еркін күрестен Қазақстан кубогында 92 келіге дейінгі салмақта алғашқы финалист анықталды. Бұл мәртебеге Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаушы Азамат Дәулетбеков ие болды.

Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері белдесуін мерзімінен бұрын аяқтады (ВИДЕО)
Жекпе-жек

Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері белдесуін мерзімінен бұрын аяқтады (ВИДЕО)

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогында айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Азия чемпионатында камбэк жасаған каратэшілер қола жүлде алды
Жекпе-жек

Азия чемпионатында камбэк жасаған каратэшілер қола жүлде алды

Каратэден Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кумитэ бағдарламасы бойынша командалық сында қола медаль жеңіп алды.

Дана Нұржігіт әріптесі Диас Ахметшәріппен өткен соңғы тікелей эфирді тебіреніспен еске алды
Бәрі-бір

Дана Нұржігіт әріптесі Диас Ахметшәріппен өткен соңғы тікелей эфирді тебіреніспен еске алды

Танымал тележүргізуші марқұм әріптесі туралы жүрекжарды жазба қалдырды. 

Әли Әлиев ҚПЛ матчына келген бүлдіршіндерді бір қуантты (ВИДЕО)
Футбол

Әли Әлиев ҚПЛ матчына келген бүлдіршіндерді бір қуантты (ВИДЕО)

"Астана" – "Жеңіс" арасындағы матч кезінде ұлттық құрама бас бапкері жас жанкүйерлердің жейделеріне қолтаңба қойып, ерекше көңіл сыйлады. 

Қазақ спортында неге жетістік жоқ? Жауабы айтылды
Жаңалықтар

Қазақ спортында неге жетістік жоқ? Жауабы айтылды

Қазақстан спорты неге әлемдік аренада тұрақты нәтиже көрсете алмай отыр? Блогер әрі спорт саласының бұрынғы функционері Әділ Дүшекенов бұл сұраққа ашық жауап берді.

Елена Рыбакина тарихи жетістікке бір қадам жақын!
Теннис

Елена Рыбакина тарихи жетістікке бір қадам жақын!

Қазақстандық теннисші 13 айлық үзілістен кейін алғаш рет WTA турнирінің финалына шықты. 

"Тараз" клубының адал фанаты қазақстандықтарды тебірентті (ВИДЕО)
Футбол

"Тараз" клубының адал фанаты қазақстандықтарды тебірентті (ВИДЕО)

Қазақстандық футболдың шынайы көрінісі алаңдағы ойын ғана емес, трибунадағы жанкүйерде. Жуырда "Тараз" ФК әлеуметтік желілерінде жарияланған бейнеролик көпшіліктің жүрегін елжіретті. Клубтың ең адал жанкүйерінің әрекеті — нағыз жанкештіліктің үлгісі.

"Қазақ короліне" әлем чемпионымен жекпе-жек ұсынылды
Жекпе-жек

"Қазақ короліне" әлем чемпионымен жекпе-жек ұсынылды

Қарсылас - IBO белбеуінің иегері, ирландиялық боксшы Энтони Какейс. 

Астанада Нұржол бульварының бір бөлігі жабылады
Авто

Астанада Нұржол бульварының бір бөлігі жабылады

Астанада Нұржол бульварының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты көлік қозғалысы бір аптаға кезең-кезеңімен тоқтатылады.

АПЛ-дың үздік құрамасы жарияланды
Футбол

АПЛ-дың үздік құрамасы жарияланды

Тізімге мүлде күтпеген ойыншылар да енген.

Абсолют чемпион атану! Жәнібек жоспарын жариялады
Жекпе-жек

Абсолют чемпион атану! Жәнібек жоспарын жариялады

Жәнібек Әлімханұлы төрт чемпиондық белбеуді біріктіріп, Канелоға қарсы жекпе-жек өткізуді көздеп отыр.

Махачев – Топурия жекпе-жегінің фавориті аталды
Жекпе-жек

Махачев – Топурия жекпе-жегінің фавориті аталды

Жалғас Жұмағұловтың айтуынша, бұл шайқаста жеңіс ақылмен ойнайтын Ислам Махачевке тиесілі болмақ.

Мұхамеджан Тазабек: "Елдос Сметов – күйеу балам"
Бәрі-бір

Мұхамеджан Тазабек: "Елдос Сметов – күйеу балам"

Белгілі ақын әрі медиа тұлға Мұхамеджан Тазабек жуырда Нұрсейіт Жылқышыбай жүргізетін "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында қонақ болып, өмірі мен туыстық байланыстары жайлы ашық сұхбат берді.

Доп – дөңгелек емес! F1 пилоттары футболда ойсырай жеңілді (ВИДЕО)
Футбол

Доп – дөңгелек емес! F1 пилоттары футболда ойсырай жеңілді (ВИДЕО)

Формула-1-дің ең мықты пилоттары футбол алаңына шығып, спорт пен шоу-бизнес жұлдыздарына қарсы матч өткізді. 

Қазақстандық жүзушілер Орталық Азия чемпионатында 50-ден астам медаль жеңіп алды
Жаңалықтар

Қазақстандық жүзушілер Орталық Азия чемпионатында 50-ден астам медаль жеңіп алды

Қазақстандық жүзу шеберлері Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия чемпионатының алғашқы жартысында-ақ 60-қа жуық жүлдені қанжығаларына байлады.

Криштиану Роналдуға күтпеген ұсыныс түсті
Футбол

Криштиану Роналдуға күтпеген ұсыныс түсті

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдуға таңғаларлық ұсыныс жасалды. Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсетіп жүрген шабуылшыға Марокконың әйгілі "Видад" командасы қызығушылық танытып отыр.

Винисиуске тіл тигізгендер түрмеге қамалды
Футбол

Винисиуске тіл тигізгендер түрмеге қамалды

Вальядолид жанкүйерлері футболшыны "маймыл" және "педик" деп қорлаған. 

Қазақстан чемпионы әлемнің үшінші ракеткасынан айласын асыра алмады
Жаңалықтар

Қазақстан чемпионы әлемнің үшінші ракеткасынан айласын асыра алмады

Кирилл Герасименко үстел теннисінен әлем чемпионатында сенімді ойнағанымен фаворитке есе жіберді. 

Гавидің жүрегін жаулаған ару кім? Жасы футболшыдан үлкен
Бәрі-бір

Гавидің жүрегін жаулаған ару кім? Жасы футболшыдан үлкен

Белгілі болғандай, футболшының сүйіктісі мүлде басқа қалада тұрады екен.