Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Азия чемпионатында камбэк жасаған каратэшілер қола жүлде алды

Редактор Penalty.kz
25.05.2025, 10:15

Каратэден Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кумитэ бағдарламасы бойынша командалық сында қола медаль жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Қола медаль жолындағы Сауд Арабиясымен шайқас

 

Бас жүлде үшін талас қызған Азия біріншілігінде қазақстандық спортшылар нағыз ерлік көрсетіп, Сауд Арабиясына қарсы өткен шешуші кездесуде камбэк жасады. 1:2 есебімен жеңіліп жатқан матчта 3:2 болып жеңісті жұлып алды.

Жеңіс жолы: Индонезия мен Вьетнамнан басым түсті

Турнирдің алғашқы кезеңінде Индонезия құрамасын 4:1 есебімен сенімді жеңген қазақстандықтар, ширек финалда Вьетнам спортшыларын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алған.

Бірақ жартылай финалда Иран құрамасына жол беріп, финалға өте алмады.

Қазақстан ерлер құрамасы сапында жарысқа қатысқан спортшылар:

  • Дидар Әмірәли
  • Нұрқанат Әжікенов
  • Әбілмансұр Батырғали
  • Шыңғыс Тайлиев
  • Никита Тарнакин
  • Данияр Юлдашев
  • Ғалым Асылхан
  • Диас Анарбеков

Олар кумитэ бойынша Азияның үздік үштігіне еніп, Қазақстан абыройын халықаралық аренада тағы бір мәрте қорғады.

Әйелдер құрамасы финалда

Айта кетейік, кумитэ бағдарламасы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы да финалға шығып отыр. Қыздар Вьетнам құрамасымен Азия чемпионы атағын сарапқа салады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары