Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Шу – Бурылбайтал" тасжолы ақылы болады

Сарапшы, спорт журналисі
13.05.2025, 14:21

ҚР Көлік министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 13 мамырынан бастап республикалық маңызы бар "Шу – Бурылбайтал" автожолының бір бөлігі ақылы жүйеге көшеді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.

egemen.kz
Реклама
Реклама

Ақылы жол учаскесі 92,2-268 шақырым аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы – 175,8 шақырым. Жол ІІ-техникалық санатқа жатады: әр бағытта бір жолағы бар, ал қозғалыс жолағының ені – кемінде 3,75 метр.

Балама бағыт ұсынылады

Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін балама тегін жол қарастырылған. Ол "Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншеңгел – Ақсүйек – Бурылбайтал" бағыты арқылы өтеді.

Жеңіл көліктерге ақысыз, ауыр техникаға абонементпен

Аталған жол бөлігінде жеңіл автокөліктер үшін ақы алынбайды. Ал автобус және жүк көліктері үшін айлық немесе жылдық абонемент түрінде төлем жасау қарастырылған. Толық ақпарат пен жазылымды рәсімдеу үшін жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласа алады.

Онлайн төлем де қолжетімді

Жүйенің икемділігі мақсатында алдын ала және кейінге қалдырылған төлем мүмкіндіктері қарастырылған. Төлемді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн түрде жүзеге асыруға болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары