Маусым айында АИ-92 бензині 4–6 теңгеге өсіп, Алматы мен Астанада 217 теңгеге дейін жетті. Бұл — ақпан айынан бергі ең жоғары баға.
Маусым айында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бір ай ішінде 4–6 теңгеге өсті. Бұл – ақпан айынан бергі ең ірі баға өсімі.
kolesa.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы ірі жанармай бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы 30 маусымда 215–217 теңгеге жеткен. Мамыр айының соңында бұл баға 209–212 теңге шамасында болған. Бұл өсім ақпанда жанар-жағармай нарығындағы мемлекеттік баға реттеуінің күшін жоюдан кейінгі ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
АИ-95 маркалы бензин Алматыда бірнеше ай бойы 271–275 теңге аралығында тұрақты күйде қалса, дизель отыны маусымда біраз қымбаттап, 312–315 теңге шамасында саудалануда (мамырда — 309–311 тг).
Баға өсімі Астана мен Шымкентте де байқалды:
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жанармай нарығына мемлекет тек бір жағдайда ғана араласатынын айтты — егер "спекулятивтік баға секірістері" орын алса. Ал қазіргі баға өсімі нарықтық тетіктермен, яғни сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгеріммен түсіндірілуде.