Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ferrari жеңіске жетпей, табыс рекордын қалай жаңартты?

Сарапшы, спорт журналисі
16.08.2025, 08:05

Ferrari Формула-1 командасының спорттық нәтижелері биылғы маусымда жанкүйерлерді қуанта қоймаса да, компанияның қаржылық көрсеткіштері жоғары деңгейде. Итальяндық Gazzetta dello Sport басылымы бұл табыстың елеулі бөлігін Льюис Хэмильтонның атымен байланыстырады.

фото: ашық дереккөздерден алынған
Реклама
Реклама

Ferrari-дің қаржылық серпіні

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Ferrari-дің таза пайдасы 873 млн еуроны құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 9%-ға жоғары. Бұл өсімде Формула-1 командасының үлесі айтарлықтай: демеушілермен келісімшарттар, серіктестермен әріптестік және болидтердегі жарнамалық орындар – барлығы табысты арттырды.

Өткен маусымда Скудерия Конструкторлар кубогында 2-орын алып, Liberty Media тарапынан қомақты жүлде қаржысын иеленді.

Хэмилтон факторы

StageUp агенттігінің мәліметінше, Льюис Хэмильтон Ferrari құрамына қосылған соң, демеушілік келісімдер көлемі шамамен 50 млн еуроға артқан. Мысалы, HP Inc. компаниясымен жасалған титулдық келісімшарттың құны 80-90 млн еуро аралығында, әрі ол спорттық нәтижелерге тікелей тәуелді емес.

Ferrari-дің әлемдік ауқымдағы брендтік және сувенирлік өнім сатылымы да өсіп отыр. Барлық факторларды ескергенде, Хэмильтонның командаға ауысуы Ferrari-ге жылына шамамен 70 млн еуро қосымша табыс әкеледі.

Сарапшылар пікірі

StageUp президенті Джованни Палацци бұл өсімді Хэмильтонның ғаламдық танымалдығымен түсіндіреді:

«Ол тек жарыс жүргізушісі ғана емес, автоспорттың тірі аңызы. Хэмильтон спортты, сән индустриясын және поп-мәдениетті байланыстырып, жаһандық аудиторияға әсер ете алады. Ferrari-мен біріккенде бұл брендтер мен жанкүйерлер үшін аса тартымды комбинацияға айналды», – дейді Палацци.

Дегенмен, сарапшы ескертеді: егер спорттық нәтижелер жақсармаса, бұл коммерциялық серпін бәсеңдеуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары