Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда пойыз билеттеріне 40%-ға дейін жеңілдік жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:36

Күзде ел азаматтары пойыз билеттерін арзан бағамен ала алады.

rail-news.kz
Реклама
Реклама

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы күзгі маусымда жолаушылар үшін жаңа жеңілдік бағдарламасын іске қосты. Арнайы акция аясында кей бағыттағы билеттерді 40 пайызға дейін арзандатылған бағамен сатып алуға болады.

Жеңілдіктің мерзімі

Компанияның мәліметінше, жеңілдіктер 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады.

Қай бағыттарға қолданылады?

Жеңілдіктер 7 бағытқа берілген:

  • № 9/10 «Астана – Алматы» – отыратын орындарға 40% жеңілдік.
  • № 65/66 «Астана – Жезқазған» – турист вагондарындағы купелік орындарға 25% жеңілдік.
  • № 67/68 «Астана – Өскемен» – үстіңгі орындарға 30% жеңілдік.
  • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» – купедегі үстіңгі орындарға 25% жеңілдік.
  • № 351/352 «Алматы – Өскемен» – купе орындарына 30% жеңілдік.
  • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе» – купедегі үстіңгі орындарға 20% жеңілдік.
  • № 11/12 «Алматы – Шымкент» – купелік орындарға 25% жеңілдік (күн сайын жүреді).

Қалай сатып алуға болады?

Арзандатылған билеттерді:

  • bilet.railways.kz ресми сайты арқылы,
  • немесе вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады.

Бұл жеңілдік науқаны жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билет алуына мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары