Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Болашақта бағдаршамда ақ түс пайда болады - мамандар

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:19

Жаңа сигнал жол қозғалысын робомобиль реттеп тұрғанын білдіреді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Солтүстік Каролина штатындағы университеттің зерттеу тобы жүз жылдан аса уақыт қолданыста болған бағдаршам схемасына өзгеріс енгізуді ұсынды. Автономды басқару жүйесі бар машиналар дамып, оларға қозғалысты реттеу құқығын беруге мүмкіндік туып отыр.

Қызыл, сары және жасыл түстің жанына ақ түс қосылады. Бұл сигнал қиылыстағы қозғалысты сол жерде жүрген автономды автомобиль реттейтінін білдіреді. Ал жүргізушілер осы көліктің соңынан еріп жүруге тиіс, деп жазды Carscoops.

Зерттеушілер әр машинадағы жасанды интеллект бір-бірімен лезде дерек алмасып, қозғалысты дәстүрлі бағдаршамға қарағанда әлдеқайда тиімді реттей алатынын хабарлады.

Бірақ ақ түсті бағдаршам сигналы жақын арада пайда болмайды. Ол үшін автономды автомобиль саны қарапайым көліктермен теңесіп, жол инфрақұрылымы «ақылды» деңгейге жетуі қажет.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары