Өзбекстан тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық шараға 149 елдің делегаттары қатысады деп күтілуде.
2025 жылы желтоқсанда Ташкентте автоспорт әлемінің ең басты кеші — FIA Awards 2025 өтеді. Бұл — Өзбекстан тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық шара әрі «Формула-1» жұлдыздарының алғаш рет Орталық Азияға келуі. Ауқымды шараға Формула-1, WRC, WEC, Formula E чемпиондары, әйгілі командалардың басшылары, FIA өкілдері және 149 елдің делегаттары қатысады деп күтілуде.
Ташкентте өтетін үлкен кеш ел үшін бірнеше тұрғыдан тарихи оқиға болады:
Mоторспорт индустриясы үшін мұндай мүмкіндік өте сирек, ал енді бұл айрықша миссияны Ташкент атқарады.
Жер жаһанға әйгілі чемпиондар келеді:
Әзірге нақты есімдер жарияланған жоқ, бірақ автоспорт жанкүйерлері Льюис Хэмилтон, Макс Ферстаппен, Шарль Леклерк, Фернандо Алонсо сынды жұлдыздардың келуін күтіп отыр.