Реклама
Реклама

"Формула-1" Бахрейн және Сауд Арабиясындағы кезеңдерді тоқтатты

Сарапшы, спорт журналисі
15.03.2026, 14:45

"Формула-1" 2026 жылғы маусым күнтізбесіне өзгеріс енгізіп, сәуір айына жоспарланған Гран-при кезеңдерін өткізбейтін болды.

espn.com

Жарыстар неге өтпейді?

Ресми ақпаратқа қарағанда, өңірдегі ахуал жан-жақты бағаланғаннан кейін Бахрейн және Сауд Арабиясындағы жарыстарды сәуірде өткізбеу туралы шешім қабылданған. Сонымен қатар балама нұсқалар да қарастырылған. Бірақ сәуір айында олардың орнына басқа кезеңдер ұйымдастырылмайтыны нақтыланды.

2026 жылғы бастапқы күнтізбе бойынша Бахрейн Гран-приі 10–12 сәуір аралығында Сахирде, ал Сауд Арабиясы Гран-приі 17–19 сәуір күндері Жиддада өтуі тиіс еді. Бұл мерзімдер бұған дейін FIA мен Formula 1 жариялаған ресми күнтізбеде көрсетілген.

Ресми беттерде қандай өзгеріс пайда болды?

Қазір “Формула 1”-дің 2026 жылғы Бахрейн және Сауд Арабиясы жарыстарына арналған ресми беттерінде “маңызды жаңарту” жарияланып, аталған Гран-прилердің сәуірде өтпейтіні жазылған. Бұл — шешімнің ресми деңгейде күшіне енгенін аңғартатын негізгі белгі.

Әзірге сәуір айындағы осы екі кезеңнің орнына басқа жарыстар қосылмайтыны айтылды. Демек, маусым кестесінде сол аралықта бос терезе сақталады. Қызығы, “Формула 1”-дің жалпы 2026 күнтізбесі мен жекелеген жарыс беттерінде ақпарат әркелкі көрінеді. Кей жерлерде бастапқы мерзімдер сақталған, бірақ жарыс беттерінде жаңартылған ескерту берілген.

Реклама
Реклама