Автотұрақ ақысын төлемейтіндер көбейді

Сарапшы, спорт журналисі
30.03.2026, 12:05

2025 жылы жарты миллионға жуық заңбұзушылық тіркелген.

kz.kursiv.media

Алматыда ақылы автотұрақ жүйесіне қатысты заңбұзушылықтар саны күрт өскен. 2025 жылы қалада 497 мыңнан астам төлем жасамау фактісі тіркелген.

Informburo.kz мәліметінше, төлем жасамау жағдайларының басым бөлігі:

  • халық көп шоғырланатын;
  • сұраныс жоғары ашық автотұрақтарда тіркелген.

Айыппұл мөлшері қанша?

Полиция департаменті жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бабының 4-1-бөлігі бойынша шара қолдануда. Бұл бапқа сәйкес, айыппұл көлемі 1 АЕК (2026 жылы — 4325 теңге).

Бұзушылық қалай анықталады?

Ақылы автотұрақтағы заңбұзушылықтарды анықтау үшін камерамен жабдықталған арнайы көліктер пайдаланылады. 

Қазіргі таңда "Алматы Паркинг" операторы 15 мобильді бақылау көлігін іске қосқан.  Билік өкілдерінің айтуынша, кейбір жүргізушілер көлік нөмірін жасыру, төлемнен жалтару сияқты әрекеттерге барады.

Алдағы уақытта қалада төрт ауданда жаңа ақылы автотұрақ аймақтары іске қосылмақ. Сонымен қатар тұрғындарға арналған жеңілдетілген абонементтерді қайта енгізу мәселесі қаралуда. 

Айта кетейік, бұған дейін "Алматы Паркинг" компаниясы көп деңгейлі автотұрақтар салу жоспарын тоқтатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда тек Көктем-3 шағынауданында бір жоба қарастырылып жатыр. 

Реклама
Реклама