Жеңіс Қасымбек елордадағы көлік кептелісіне қатысты түсіндірме берді.
Әкім көлік кептелісін азайтуға бағытталған жоспарларды жариялады. Бұл туралы TengriAuto жазады.
"Біз Тәуелсіздік көшесінде құрылыс жүргіземіз. Жаңа көпірден басталатын тұсы әуежай, Пригородныйға дейін созылады. Бұл Қабанбай батыр, Мәңгілік ел және Тұран даңғылындағы жүктемені айтарлықтай азайтады. Тәуелсіздік көшесіндегі көпірдің көлік өткізу қуаты барынша арттырылады", — деді Жеңіс Қасымбек қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында.
Елорда әкімінің айтуынша мұндай жобалар көп.
"Тілендиев көшесіндегі жаңа жол айырығындағы қозғалыс жанданады. Бұл 5-6 жылға созылып кеткен "сақалды" жоба болды өзі. Келер жылы жол айырығы толық қуатта жұмыс істейді деген ойдамыз", — деп түйіндеді қала басшысы.