Әуежай басшылары пандус құрылысына жұмсалған шығынның орнын толтырып, тұрақты әрі қарай жақсарту үшін осындай қадамға барып отыр.
Алматы халықаралық әуежайы жолаушы терминалдары жанындағы автотұрақ үшін жаңа тариф енгізілмек. Ол қаңтардың бірінен күшіне енеді. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады.
«Біз тұрақты ыңғайлы қылуға тырысамыз, оны үнемі жаңартып, жақсартып отырамыз. Оған екінші қабатқа жаңа пандус салу, сұранысты қанағаттандыру үшін тұрақ орындарын көбейту және нөмірді автоматты тану жүйесі сияқты заманауи технологияларды қолдану кіреді. Бұл клиенттеріміздің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған», — деп мәлімдеді оңтүстік астана әуежайының басшылары.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап автотұрақ тарифі мынадай болады:
Терминал жанындағы алаң мен жабық тұрақ кешенінде
Шарттары Тариф, теңге
0–15 мин Тегін (тәулігіне екі рет)
15–60 мин 600 (қазір қолданылатын тариф – 500 теңге)
1–2 сағат 850 (1 қаңтарға дейін – 700)
2–4 сағат 1200 (әзірше 1000)
4–6 сағат 1800 (әзірше 1500)
6–12 сағат 2800 (әзірше 2400)
12–24 сағат 4200 (әзірше 3500)
24 сағаттан артық, келесі толық және толық емес тәулік үшін 6000 (әзірше 5000)
Оңтүстік тұрақтың аумағында
Шарттары Тариф, теңге
0–15 мин Тегін(тәулігіне екі рет)
15–60 мин 350 (әзірше 300)
1–2 сағат 500 (әзірше 400)
2–4 сағат 700 (әзірше 600)
4–6 сағат 950 (әзірше 800)
6–12 сағат 1700 (әзірше 1400)
12–24 сағат 2400 (әзірше 2000)
24 сағаттан артық, келесі толық және толық емес тәулік үшін 3600 (әзірше 3000)
Закарпатская көшесі, 51 мекенжайындағы АВК ғимаратының жанындағы тұрақ
Шарттар Тариф, теңге
0–6 сағат 600 (әзірше 500)
6–12 сағат 1200 (әзірше 1000)
12–24 сағат 1800 (әзірше 1500)
24 сағаттан артық, келесі толық және толық емес тәулік үшін 2400 (әзірше 2000)