Қарашадағы автонарық: Haval M6 үздік үштікке кірді

Редактор Penalty.kz
13.12.2024, 18:19

Chevrolet арзан седан арқасында Hyundai-ды екінші орынға ығыстырды.

Қарашадағы автонарық: Haval M6 үздік үштікке кірді
kolesa.kz

Күздің соңғы айында елдегі автосалондар екінші рет 20 мыңдық межені бағындырып, 20 984 автомобиль сатты. Бұл қазандағы көрсеткіштен аз. Бірақ 2023 жылғы қарашадағы нәтижеден 10,7 % жоғары, деп жазады Kolesa.kz.

Қазақстан автомобиль одағы биыл 11 айда 179 628 жаңа машина иесін тапқанын хабарлады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 % жоғары көрсеткіш.

Өткен айдағыдай, қарашада да Chevrolet ең танымал марка атанды. Бренд 4 418 автомобиль саудалады. Ал Hyundai дилерлері – 3829, Kia - 1617 жаңа көлік сатты. Үздік үштікке енген маркалар арасында Kia ғана былтырғыдан төмен нәтиже көрсетті. Үздік бестікке Chery (1515 дана) мен Haval (1451) енді.

Ең көп сатылған модельдер тізімінде Chevrolet Cobalt жеңімпаз атанды. Бюджеттік седан екінші ай қатарынан үздік нәтиже көрсетіп отыр. Бір айда 4159 Cobalt өтті (Chevrolet саудасының 94.1 %-ы). Бұл көрсеткіш қазандағыдан (5857 дана) едәуір төмен, бірақ екінші орындағы Hyundai Tucson-нан (1843) екі есе көп. Рейтингте Haval M6 (727) үшінші орынға жайғасты. Модель алғаш рет үздік үштікке еніп отыр. Ал бұған дейін үнемі жоғары орыннан көрініп жүрген Kia Sportage осы жолы 10-сатыға түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір