Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Шұрық-тесік болған жол жарты ғасырдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеді.
Республикалық маңызы бар жол Алға, Қандыағаш қалаларын айналып өтеді. Бұл бірінші санатты жолдарға қойылатын талаптардың бірі. Сонымен қатар 691 мың тонна асфальт-бетон қоспасы төселіп, 10 көпір, 5 өткел салынды. Жол бойында 8 демалыс алаңы және 18 аялдама бар. 1795 жарық шамы орнатылды.
“Жергілікті жолдарды айтсақ 400 км деп жоспарлап отырмыз. Енді республикалық маңызы бар жолдар 175 км толығымен тапсырамыз. "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" басталып кетеді 54 км. "Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз" жолы. Былтыр бастап кеттік 20 км. Биыл қосымша 25 км жол салынған болатын. Жалпы 125 км келесі жылы толығымен тапсырылатын болады”, - облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.
Бұл жоба ел үшін стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Қытай мен Қырғызстан, Өзбекстанды Ресеймен байланыстыратын жолда қазірдің өзінде автомобиль қатынасы қарқыны 3 есе артып отыр. Тәулігіне шамамен 10 мыңнан астам көлік дәл осы жолмен жүріп өтеді.
Жалпы биыл Ақтөбе облысында 900 шақырымға жуық жол жөндеуден өткен. Оның ішінде 400 шақырымы республикалық маңызы бар бағыттар. Бұл жұмыс алдағы жылы да жалғасын табады.