Алматыда алты көліктің қатысуымен жол апаты болды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
03.03.2025, 19:00

Бүгін күндіз Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді – алты автокөлік соқтығысты. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Апат сәті Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында жарияланды. Бейнежазбадан тайғақ жолда бірнеше көліктің бір-біріне соқтығысқанын, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көліктерді тоқтатуға тырысқанын байқауға болады.

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 15:00 шамасында Бостандық ауданындағы Садықов көшесінде болған. 

Алты көлік соқтығысып, зардап шеккендер жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. Апаттың себебі анықталуда, полиция қызметкерлері тергеуді бастады.