"Әлі күнге дейін өкінем": Алмат Сақатов өміріндегі ең үлкен өкінішін айтты

Редактор Penalty.kz
29.05.2025, 12:00

Танымал актер Алмат Сақатов өзінің TikTok парақшасында өмірінде жасаған жалғыз "ұрлығы" жайлы сыр шертті. Көпшіліктің пікірі екіге жарылды.

astanatv.kz

Сақатов: "Бір-ақ рет ұрлық жасадым" 

Актер өз видеосында бұрынғы қателігін еске алып, ешкімге ұрлық жасамауға кеңес берді. Ол бұл әрекеті үшін әлі күнге дейін өкініп жүргенін жасырмады.

"Ештеңе ұрламаңдар, өкінесіңдер. Мен өмірімде бір-ақ рет ұрлық жасадым. Сол ұрлығым үшін әлі күнге дейін өкінем. Қандай ұрлық жасадың дейсіздер ме? Әйелімді ұрлаған едім…" – деп ағынан жарылды Алмат Сақатов.

Желі қолданушыларының реакциясы

Бұл жазба TikTok-та кеңінен таралып, түрлі пікірлерге арқау болды. Көпшілік актердің әзіл-шыны аралас сөзін әрқалай қабылдаған.

Кейбір қолданушылар:

  • "Жеңгем қиын болып тұр ғой",
  • "Әйелді ұрламайды, алып қашады",
  • "Алжи бастадың ба?",
  • "Жеңгем ренжиді ғой" 

деген сынды пікірлер қалдырса, басқалары актердің уақытты емес, халықтың сенімін "ұрламауын" сұрады.

Әзіл мен шындықтың арасы – жұқа шекара

Алмат Сақатовтың жазбасы көпшілікке ой салды. Қоғамда алып қашу, мәжбүрлі некелер сынды тақырыптар қайта күн тәртібіне шықты. Бұл жағдай — әрбір сөздің, әсіресе танымал тұлғалардың айтқанының қоғамға әсер ететінін тағы бір мәрте көрсетті.