«Керемет әсер қалдырды»: Әсел Сәдуақасова табиғат аясындағы ерекше суреттерін көрсетті
Қазақстандық актриса, әнші және продюсер Әсел Сәдуақасова экзотикалық аралдың табиғат аясында түсірілген жаңа кадрларымен көпшілікті тамсандырды.
Танымал актриса табиғаттың тылсым сұлулығын көрсетті
«Келинка тоже человек», «30-да тұрмысқа шығу» фильмдері арқылы танылған жұлдыз Instagram парақшасында ұзын қара көйлекпен, 700 жылдық алып ағаштың түбінде түскен суреттерін жариялады.
«Мына ағаштың жасы — 700 жыл. Ол әлі де тірі, қуатты әрі ерекше тыныштық сыйлайды. Табиғаттың бастапқы қалпы – шынайы сұлулық», — деп жазды актриса өз парақшасында.
Әсел Сәдуақасова суреттер арқылы адамның табиғатпен үйлесім табуы мен рухани тепе-теңдікті сезіну сәтін жеткізген.
Желідегі пікірлер толассыз
Желі қолданушылары актрисаның жазбасына тәнті болып, жылы пікірлер қалдырды:
Көпшілік Әселдің кадрларын «космостық табиғат көрінісі» деп атап, өнер иесінің нәзік эстетикасын жоғары бағалады.