Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апаты: тергеу аяқталуға жақын

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу ісі аяқталуға жақын. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Сенат кулуарында мәлімдеді.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апаты: тергеу аяқталуға жақын
insports.kz

Тергеу соңғы кезеңге жетті

Оның айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қаралуда.

«Қазір тергеудің барлық негізгі әрекеттері аяқталды. Соңғы кешенді автотехникалық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сараптама нәтижесінен кейін айып тағу және істі сотқа жолдау туралы шешім қабылданады», — деді Санжар Әділов.

Аталған бап бойынша кінәлі адамға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ белгілі бір қызметпен айналысу немесе лауазым атқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жол апаты қалай болған?

2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы – Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында ауыр жол апаты тіркелген.

Полиция мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі (Гүлайым Рахмонова) Қарағанды облысынан Алматы бағытына келе жатып, рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі әйел қаза тапқан.

Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір