Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қар, боран,және тұман: 14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:43

Солтүстік пен шығыста жауын-шашын мен боран соғып, жолдарда көктайғақ пайда болады. Ал оңтүстікте күн ашық болғанымен, желдің күшеюі мен тұманның түсуі байқалады.

Ulysmedia.kz
Реклама
Реклама

14 қараша күні Қазақстанның көптеген өңірінде боран, көктайғақ және тұман күтіледі. «Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік пен шығыста қар мен жел, ал оңтүстікте тұман мен жел тұрғындар қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Республика аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз және түнде қар мен боран соғып, жолдарда көктайғақ түзіледі. Оңтүстікте және облыс орталығында желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Абай облысында да жағдай ұқсас: түнде қар жауып, боран соғады, ал таңертең және күндіз тұман басады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 20 м/с дейін күшейіп, батысында тұман түседі. Жолдарда көріну нашарлап, қозғалыс қиындайды.

Ақмола облысында түн мен таңды тұман мен көктайғақ қарсы алады. 

Астанада жолдар тайғақ, сақ болу ұсынылады.

Ақтөбе облысында түнде көктайғақ, ал Жамбыл мен Алматы облыстарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Алматы облысының оңтүстігінде көріну нашарлайды.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде де түнде және таңертең қалың тұман түсіп, Ақтауда жол көрінбейді.

Атырау облысында да дәл осы уақытта тұман күтіледі, ал Батыс Қазақстан облысында барлық аудандарды түнгі және таңғы тұман басып, Орал қаласында қозғалыс қиындайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары