Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тұман және көктайғақ: 15 қарашаға ауа райы болжамы

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазгидромет" РМК 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синопктиктер бірқатар өңірде күн райы бұзылуына ескерту жариялады.

Тұман және көктайғақ: 15 қарашаға ауа райы болжамы
Сурет: ашық дереккөздерден

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада көктайғақ болады.

Атырау мен Қызылорда облыстарының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болуы ықтимал.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір