"Патриот өзі". Бүлдіршіннің әнұранға құрметі көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.02.2025, 08:40

Әлеуметтік желіде әнұранға құрмет көрсеткен кішкентай патриот қыздың әрекеті жұртты тәнті етті. 

instagram.com

Желіде 2 жастағы Медина есімді бүлдіршіннің әнұран дауысы естілісімен ұйқысынан тұрып, құрмет көрсеткен видеосы тарады. Видеоны таңертең анасы түсіріп алған. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады.

Баланың патриоттық сезімі

  • Медина балабақшаға барады, патриоттық сезімі 1 жасынан бастап байқалған.
  • Анасы Гүлжайна Жаңабайқызы қызының "Қазақстан" шоколадын ерекше жақсы көретінін айтады, себебі оның қаптамасында мемлекеттік ту бейнеленген.

"Қызымның елге деген ерекше сүйіспеншілігін әкесіне тартқан деп ойлаймын. Өйткені әкесі спорттық сайыстарда ел намысын қорғап жүрген балуан", - деді Гүлжайна Жаңабайқызы.

"Медина 1 жасынан бастап әнұранды естіп, көк туды көрсе ерекше іс-қимыл жасайтын. Сол кезде әнұран естісе, қолын кеудесіне қойып бер деп сұрайтын. Ал бүгінде әлеуметтік желілерден көріп қалса, тұра қалып, басын иеді. Өзі ғана емес, айналасындағының бәрінің қолын жүрегіне қойғызады", - дейді анасы.

Желі қолданушыларының реакциясы

  • Видеоны көргендер бүлдіршіннің ісіне сүйсініп, жылы пікірлер қалдырды:
    • "Ботақаным, тәтті-ақ өзі",
    • "Ұйқысын қиып тұру әркімнің қолынан келе бермейді",
    • "Отан сүйетін ұрпақ өсіп келе жатыр!".