
Мәселен, британдықтан енді аптасына төрт күн жұмыс істейді.
Ұлыбританияда төрт күндік жұмыс аптасы ресми түрде енгізілді
Қазіргі уақытта бұл режимге 200 компания көшті. Әзірге мұндай режимге тек үш кәсіби топ ауысты. Олар: маркетологтар, IT-мамандары және қайырымдылық ұйымдарының қызметкерлері. Guardian басылымының хабарлауынша, өзгерістер қызметкерлердің табысына әсер етпейді.
Өз кезегінде компаниялар директорлары бес күндік жұмыс аптасы қазіргі заман талабына сай келмейтінін алға тартып, жаңа жұмыс кестесі адамдарға бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді дейді. Жергілікті Spark Market Research зерттеу компаниясының деректеріне сәйкес, осындай бастаманы негізінен 18-34 жас аралығындағы жастар қолдайды.
agenzianova.com
Испанияда жұмыс күні жарты сағатқа қысқартылмақ
Испания билігі жұмыс аптасын 2,5 сағатқа қысқартпақ. Яғни жұмыс аптасы 40 сағаттан 37,5 сағатқа дейін азаяды. Ал қызметкерлердің жалақысы өзгеріссіз қала береді. Үкіметтің пікірінше, жаңа жұмыс кестесі қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Аталған реформа қазір парламентте қаралып жатыр. Егер ол мақұлданса, қысқартылған жұмыс аптасына 12 миллионнан астам адам көшеді.