Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Қайратқа» қарсы ойын қарсаңында «Спортинг» қиындыққа тап болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:38

Лиссабондық «Спортинг» Чемпиондар лигасының алғашқы турында алматылық «Қайратқа» қарсы кездесуге бірқатар негізгі футболшыларын шығара алмайды.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Португалия чемпионының бас бапкері Руи Боржеш жарақаттарға байланысты үш бірдей ойыншыдан қағылды. Қорғаушы Нуну Сантуш, жартылай қорғаушы Даниэл Браганса және жылдам қимылымен танымал Жени Катаму алдағы матчқа қатыспайды. Бұған қоса, хавбек Хидэмаса Моританың да алаңға шығуы күмән тудырып тұр.

Қақпашы мәселесі де шешілмей отыр. Негізгі голкипер Руй Силва соңғы турда жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Оның орнына «Фамаликанға» қарсы ойында (2:1) Жоау Виржиния қақпада тұрды. Дегенмен, Силваның «Қайратқа» қарсы кездесуіне қатысу-қатыспауы әлі белгісіз.

«Қайрат» қақпашысы да жарақат алды

Алматылық клуб та кадрлық қиындықтарға тап болды. Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында (1:0) қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып, жақ сүйегін сындырып алды. Осыған байланысты Португалиядағы ойында 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қақпаны қорғауы мүмкін.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы кестесі

  • 19 қыркүйек – «Спортинг» – «Қайрат» (00:00)
  • 30 қыркүйек – «Қайрат» – «Реал» (21:45)
  • 21 қазан – «Қайрат» – «Пафос» (21:45)
  • 6 қараша – «Интер» – «Қайрат» (01:00)
  • 26 қараша – «Копенгаген» – «Қайрат» (22:45)
  • 9 желтоқсан – «Қайрат» – «Олимпиакос» (20:30)
  • 20 қаңтар – «Қайрат» – «Брюгге» (20:30)
  • 29 қаңтар – «Арсенал» – «Қайрат» (01:00)
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары