
Екі ойыншы да жарақаттан енді ғана айықты.
Мадридтік клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчын 16 қыркүйек күні франциялық «Олимпикке» қарсы өткізеді. Клубтың ресми тізімінде Англия құрамасының жұлдызы Джуд Беллингем мен Францияның жас таланты Эдуардо Камавинга бар екені белгілі болды.
20 жастағы Джуд Беллингем соңғы рет шілденің ортасында алаңға шыққан еді. Содан бері жартылай қорғаушы иық сүйегіне жасалған операциядан кейін толық қалпына келу кезеңінде болатын. Енді «Реалдың» негізгі ойыншысы маусымның шешуші кезеңінде командасына көмектесуге дайын секілді.
Ал Эдуардо Камавинга тамыздың 10-нан бері алаңға шықпаған еді. Оның жарақаты – аяқ сіңірінң созылуы болатын. Француз жартылай қорғаушысы да медициналық тексеруден өтіп, бапкерлер штабының сеніміне ие болды.
Айта кетейік, «Реал» Чл-ның жалпы кезеңінде алматылық «Қайратпен» де ойнайды. Бұл – қазақстандық клуб тарихында турнирдің жалпы кезеңдегі алғашқы ойын. Матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Өз кезегінде «Қайрат» топтық кезеңдегі дебютін Португалияда бастайды. 18 қыркүйектен 19-ына қараған түні алматылықтар Лиссабонда жергілікті «Спортингке» қонаққа барады.
Естеріңізде болса, жуырда ғана алматылық клуб Темірлан Анарбековтан айырылып қалғанын хабарлаған едік. Енді “Қайрат” қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қорғайды.