Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қымбат па, арзан ба? "Қайрат" - "Реал" билеттері Өзбекстанда талқыға түсті

Сарапшы, спорт журналисі
15.09.2025, 22:59

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері 30-дан 250 мың теңгеге дейін бағаланатыны белгілі болды. Өзбекстандық жанкүйерлер бұл бағаны қызу талқылап жатыр.

vesti.kz
vesti.kz

15 қыркүйекте алматылық «Қайрат» мадридтік «Реалға» қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынына билеттер сатылымының басталу мерзімі мен бағасын жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, сатылым 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де (Астана уақытымен) басталады. Билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл шамамен 700 мыңнан 5,7 миллионға дейінгі өзбек сомына тең.

Әр жанкүйер тек екі билет сатып ала алады және міндетті түрде жеке куәлік немесе паспорт мәліметтерін енгізуі қажет. Мұндай қадам ұйымдастырушылардың пікірінше, алыпсатарлардың әркетін шектеуге бағытталған.

Өзбекстандық реакция

Өзбекстандағы танымал телеграм-арна «Новости футбола» билет бағасына қатысты пікір білдіріп, оқырмандарына сауал тастады:

«Бұл баға қымбат пе, арзан ба? Ал сіз «Реалды» көру үшін осынша қаражат жұмсар ма едіңіз?» – деп жазды басылым.

Айта кетейік

«Қайрат» Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші туры аясында 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында «Реалды» қабылдайды. Бұл матчқа сұраныс ерекше жоғары, билеттердің бірнеше минут ішінде сатылып кетуі әбден мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір