Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қайраттың" қарсыласы алғашқы матчты екі голмен ұтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:03

2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алғашқы турында лондондық «Арсенал» Испанияда қонақта ойнады. «Канонирлер» Бильбаода «Атлетикке» қарсы сенімді жеңіске жетті.

Instagram/@arsenal
Реклама
Реклама

Матч тағдырын шешкен сәттер

Ойын ұзақ уақыт тепе-тең дәрежеде өрбіді. Дегенмен 72-минутта бразилиялық шабуылшы Габриэль Мартинелли есеп ашып, «Арсеналға» психологиялық артықшылық сыйлады. Ал 87-минутта бельгиялық Леандро Троссар гол соғып, қорытынды есепті бекітті — 2:0.

Айта кетейік, «Арсенал» алматылық «Қайраттың» да қарсыласы. Екі команда арасындағы кездесу 2026 жылдың 29 қаңтарына жоспарланған және Лондонда өтеді. Бұл ойын Қазақстан жанкүйерлері үшін ерекше мәнге ие болмақ.

Турнирдің қазіргі чемпионы

Өткен маусымда Чемпиондар лигасының кубогын «Пари Сен-Жермен» иеленген еді. Француз клубы финалда италиялық «Интерді» сенсациялық түрде 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
«Қайрат» Лиссабонға жетті