ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

«Қайрат» Лиссабонға жетті

«Қайрат» ФК Португалия астанасы Лиссабонға келіп қонды. Команда мұнда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын португалиялық «Спортингке» қарсы өткізеді. 

«Қайрат» Лиссабонға жетті
instagram.com/@f.c.kairat

Алғашқы жаттығу Португалияда өтеді

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай:

«Қайрат» Лиссабонға сәтті қонды. Бүгін кешке команда Португалия жерінде алғашқы жаттығуын өткізеді».

Бұл дайындық алматылықтар үшін өте маңызды, себебі олар алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бақ сынағалы отыр.

Тарихи кездесу

Матч 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді. «Қайрат» тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде дебют жасайды. 

Жанкүйерлер үшін бұл тек ойын емес, қазақстандық футбол тарихындағы жаңа белес болмақ.

Екінші турда алматылықтар өз алаңында әйгілі «Реал Мадридті» қабылдайды. Бұл кездесу Алматыдағы футбол мерекесіне айналатыны анық.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қайрат 2-орын