Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаевтың аккаунты Криштиану мен Мессиден озып кетті

Сарапшы, спорт журналисі
19.09.2025, 19:47

УЕФА Чемпиондар лигасының ресми Instagram-аккаунтында жарияланған «Қайрат» ФК ойыншысы Дастан Сәтпаевтың суреті қазақстандық жанкүйерлердің белсенділігінің арқасында рекорд жаңартты. Бір ғана фотосурет астында отандастарымыз 23 мыңға жуық пікір қалдырды.

instagram/@f.c.kairat

Қарапайым пост — ерекше резонанс

Пост сипаттамасында футболшының тегі ғана жазылғанымен қазақстандықтар оны нағыз флешмобқа айналдырды.

Әдетте УЕФА ЧЛ парақшасында жарияланған посттар 6 мыңнан 75 мыңға дейін пікір жинайды.

Ал Сәтпаевтың суреті астында пікір саны бұл көрсеткіштен бірнеше есе асып түсті.

Салыстыру үшін Криштиану Роналду мен Лионель Месси секілді футбол жұлдыздарының посттары мұндай белсенділікке жете алмады.

Жанкүйерлер не жазды?

Қазақстандық қолданушылардың пікірлері түрлі тақырыпта өрбіді:

«Олар парақшаларын көтерудің жолын біледі, қазақтар пікір қалдыратынын біледі»

«Криштиану мен Месси де мұндай лайк пен коммент жинамаған»

«Статистикасын көтергісі келеді»

«Қазақстаннан тыс бір пікір тапқым келді, болмады»

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, әпкемді туған күнімен құттықтаймын»

Сонымен қатар пікірлер арасында Қазақстан туының эмодзилері ерекше көптеп байқалды.

Лүпілдер саны да өсіп кетті

Жарияланым небәрі бірнеше сағат ішінде 171 мың лайк жинап үлгерді. Бұл көрсеткіш те УЕФА-ның әлеуметтік желідегі белсенділігін жаңа деңгейге көтерді.

Реклама
Реклама