Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Симеоненің сезімі сондай". Флик "Ливерпуль" жанкүйеріне қатысты дауға пікірін білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
22.09.2025, 17:24

Жуырда Энфилдте өткен тартысты матчтан кезінде Диего Симеоне жанкүйерге басып салмақ болды. Оған трибунадағы көрерменнің бас бапкерге тіл тигізуі түрткі болған еді. 

ua.tribuna.com
Реклама
Реклама

«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик “Атлетико Мадридтің” бас бапкері Диего Симеоненің жанкүйерге жұдырықпен ұмтылған сәтіне қатысты пікір білдірді.

Ливерпульдегі «Энфилд» стадионында өткен Чемпиондар лигасының 1-турында «Ливерпуль» командасы «Атлетиконы» 3:2 есебімен жеңді. Ойын соңында мадридтік команданың бапкері Диего Симеоне өзіне тіл тигізген қарсылас жанкүйеріне қарай ұмтылған еді. Бұл оқиға кейін үлкен дауға айналып, қызу талқыға түскен болатын. 

Матч барысы

  • 4-минут – Робертсон (1:0),
  • 6-минут – Салах (2:0),
  • 45+3 және 81-минуттар – Льоренте (2:1, 2:2),
  • 90+2 – Ван Дейк жеңіс голын соқты (3:2).
Фото: legalbet.ru

«Мен Симеоненің не сезінгенін дәл біле алмаймын. Өзім де осындай жағдайларды бастан өткердім. Бірақ болған нәрсе болды. Өз басым футболшылардың алаңдағы ойынына назар аударамын. Әрине, трибунадан естілетін қорлаулар жағымсыз. Ал Симеоненің реакциясына баға бермеймін – ол оның жеке сезімі», – деді Флик AS басылымына.

«Атлетико» Чемпиондар лигасының келесі турында 30 қыркүйекте немістің «Айнтрахтымен» кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары