Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына билеттер Қытайға сатылып жатыр ма?

Сарапшы, спорт журналисі
22.09.2025, 13:45

Алматыда өтетін тарихи матчқа аз ғана уақыт қалды.

"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына билеттер Қытайға сатылып жатыр ма?
Коллаж

Билеттер өзге елдерге сатылып жатырма?

Ойынға арналған билеттер белгісіз бір жолмен Қытай халқына сатылып кетіпті. Бұл туралы қазақстандық экс-қақпашы Самат Отарбаев өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады:

«Бүгін, 22.09.2025, жаңалық естідім: Қытайдан, дәлірегі Шанхайдан адамдар “Қайрат” –  “Реал Мадрид” матчына ресми билеттер сатылардан бұрын 1000 билет сатып алған. Мәліметім ресми емес, бірақ қалай да бір айналма жолмен алуға болатын сияқты. Бірақ бір адамға бағасы — 30 000 юань болады екен(ұшақ, тұру, азық-түлік және матчтың билеті), шамамен 2 310 000 тг

Естеріңізге салайық, “Қайрат” мадридтік “Реалды” өз алаңында 30 қыркүйек күні қабылдайды. Матч басталу уақыты 21:45 те. Тағы “Реалдан” бөлек “Қайрат” Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде алты ұжыммен кездеседі: “Брюгге” (Бельгия), “Олимпиакос” (Грекия), “Арсенал” (Англия), “Интер” (Италия), “Копенгаген” (Дания) және “Пафос” (Кипр).

Бірінші ойынды алматылық ұжым сырт алаңда португалиялық “Спортингпен” өткізген болатын.

Билеттер құны

23 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері ресми түрде сатылымға шығады. Баға диапазоны – 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір