FIFA еуропалық алпауытсыз қалатын түрі бар

Редактор Penalty.kz
23.06.2025, 17:39

Атақты «Ювентус» клубы мен Electronic Arts арасындағы лицензиялық келісім аяқталуға жақын, ал тараптардан ресми мәлімдеме әлі жоқ.

euro-football.ru

EA Sports FC 26 футбол симуляторының жаңа нұсқасы 2025 жылдың күзінде жарық көреді. Алайда жанкүйерлер ойын шықпай тұрып-ақ бір үлкен кемшіліктің болатынын біліп отыр: Electronic Arts компаниясы «Ювентус» клубынан айырылуы мүмкін. Бұл сценарий FIFA фанаттарына жақсы таныс – олар «Пьемонте Кальчо» атауын әлі ұмыта қойған жоқ.

EA мен «Ювентус» арасындағы келісім

EA Sports компаниясы Серия А лигасымен жалпы келісімшартқа ие болғанымен, жеке клубтармен лицензия жеке жасалады. Ал «Ювентус» пен EA арасындағы келісім мерзімі аяқталуға жақын, және екі тараптың да ұзақ уақыт бойы үнсіз қалуы – келеңсіз жайттардың белгісі болуы мүмкін.

Фото: kick-or-die.ru

Konami клубты қайтадан өз симуляторына қайтарды

Бұл уақытта Konami компаниясы өз ойыншыларына тосынсый жасап үлгерді – «Ювентустің ресми формасы мен эмблемасы eFootball симуляторында қайта пайда болды. Бұл туриндік клубтың EA-мен емес, енді Konami-мен әріптестікке көшкенін білдіруі мүмкін.

Егер келісім расталса, EA FC 26 ойыншылары «Ювентус» орнына тағы да «Пьемонте Кальчо» деп аталатын ойдан шығарылған клубпен шектелуі мүмкін. Мұндай жағдай FIFA 20, FIFA 21 және FIFA 22 ойындарында болған еді.

EA FC 26 релиз күні

  • EA Sports FC 26 стандартты нұсқасы — 2025 жылғы 26 қыркүйекте жарық көреді.
  • Ultimate-версияны сатып алғандар — ойынды 19 қыркүйектен бастап ертерек ойнай алады.