Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандағы алғашқы әйелдер киберспорт лигасы таныстырылды

Редактор Penalty.kz
24.07.2025, 16:43

Турнир әлемнің барлық елінен қатысушылар үшін ашық және аймақта инклюзивті әрі тең құқықты киберспорттың дамуына жол ашпақ. 

olimbet.kz
Реклама
Реклама

23 шілдеде Aurora Space кеңістігінде Қазақстандағы алғашқы кәсіби әйелдер киберспорт лигасы – Female Pro League-тің (FPL) ресми тұсаукесері өтті.

FPL – ойын тәжірибесін жетілдіруге, жеңіске жетуге, әлемдік рейтинг жинауға және жүлделі орындар алуға ұмтылған қыздар үшін қауіпсіз әрі бәсекелестік орта ретінде құрылуда.

FPL алғашқы турнирін Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша өткізеді. Жүлде қоры – 2 500 000 теңге. Іріктеу ойындары мен финалдың нақты күндері кейінірек хабарланады. Гранд-финал Алматы қаласында офлайн форматта өтетіні белгілі болды. Сонымен қатар, FPL жыл соңына дейін жүлде қоры ұлғайтылған екінші турнирді де өткізуді жоспарлап отыр. Лиганың жаңалықтарын @femaleproleague Telegram арнасынан қадағалай аласыздар.

Фото: olimbet.kz

Турнир әлемнің барлық елінен қатысушылар үшін ашық және аймақта инклюзивті әрі тең құқықты киберспорттың дамуына жол ашады.

FPL амбассадоры ретінде Қазақстан киберспортында танымал тұлғалардың бірі – Айгера Дунамис таңдалды.

«Ұйымдастырушылармен ортақ пікірге келдік: әйелдер лигасы – бұл бөліну емес, керісінше қолжетімділік туралы. Өз тәжірибемнен білемін, бұл салада қыздарға деген қарым-қатынас көбінесе байыпты емес. Қазақстаннан осы стереотипті өзгертетін бастаманың басталғанына мақтанамын», – деді Айгера.

FPL-дің құрылуына бастамашы және серіктес ретінде Қазақстан спорттық болжамдар нарығының көшбасшысы және елдегі спорт индустриясының №1 инвесторы Olimpbet компаниясы қолдау көрсетуде. Бұған дейін компания MySkill Pro League атты басқа қазақстандық киберспорт лигасымен де серіктестік орнатқан болатын.

Olimpbet маркетинг директоры Геннадий Шемраев лиганың құрылу тарихымен бөлісті:

«Командада қыздарға арналған жеке жоба ашу туралы мәселе бұрыннан талқыланып келген. Бұрынғы баспасөз конференциямызда Айгера залдан тұрып: «Әйелдер киберспортымен не болып жатыр?» деген сұрақ қойды. Сол кезде нарықтың дайын екенін түсіндік. Айгера лигамыздың жай ғана бет-бейнесі емес, сонымен қатар оның тең авторына айналды. Olimpbet міндеті – Қазақстан мен басқа елдердегі киберспортшы қыздардың кәсіби дамуына және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін орта құру».

Тұсаукесерге халықаралық қауымдастық өкілдері – Team Spirit Female командасының құрамында әлемдік турнирлер финалдарында ойнаған қырғызстандық кәсіби киберспортшы Жамиля Алагөзова (Jammie) және киберспорт іс-шараларының продюсері Клифф Келли қатысты. Олар бастаманың маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті және кәсіби геймингтегі әйелдердің рөлі туралы баяндады.

Дерексөз arena.olimpbet.kz

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары