Мамандардың айтуынша, ең тиімді кезең – 2-3 жас аралығы екен.
Сүндетке отырғызу: Қай жаста тиімді және күтім қалай болуы керек?
Қазақстандық білікті дәрігер, балалар травматологы Талғат Иманшартов баланы сүндетке отырғызу бойынша маңызды кеңестерімен бөлісті. Бұл туралы Nur.kz хабарлады. Маманның айтуынша, ер балаларды сүндетке отырғызу тек діни тұрғыда емес, медициналық жағынан да қажет.
Мамандардың айтуынша, ең тиімді кезең – 2-3 жас аралығы. Себебі бала бұл жастан кейін сүндет процесін есте сақтауы мүмкін. Ал бір жасқа дейінгі баланың терісі икемдірек әрі жазылу уақыты жылдамырақ болады. Сонымен қатар, фимоз сияқты медициналық көрсеткіштер болса, сүндетті ерте жасаған жөн.
Иә, әсіресе 4-5 жастан асқан балалар үшін. Ата-аналар баламен ашық сөйлесіп, қорқыныштан арылуға көмектесуі қажет. Себебі кей жағдайларда балада қорқыныштың салдары психологиялық күйзеліске әкелуі мүмкін.
Сүндетке отырғызу көбіне көктем мен жаз айларында жасалады. Бағасы өңір мен дәрігерге байланысты — 20 мың теңгеден жоғары.
Айта кетейік, баланы сүндетке отырғызу – тек дәстүр емес, денсаулыққа пайдалы медициналық процедура. Дәрігер кеңесіне құлақ асып, уақытылы жасалса, балаға да жеңіл, ата-ана да тыныш болады.