62-де 26 жастағы жігіттей! Волан-де-Мортты сомдаған актер желіні жарды

Редактор Penalty.kz
13.05.2025, 19:36

Жаңа фильмге дайындық барысында актер 20 келі салмақ тастап, бұлшық ет жинап алған. 

mentoday.ru

Әйгілі британдық актер Рэйф Файнс өзінің шымыр денесімен желіні жарды. «Гарри Поттер» фильміндегі Волан-де-Морт ретінде танымал актер Файнс бұл жолы мүлде басқа қырынан ашылды. Кейпі – ежелгі грек батырларындай.

20 келі тастап, бұлшық ет жинады

62 жастағы актер жақында өзінің спорт залындағы фотоларымен бөлісті. Онда танымал тұлғаның дене пішіні айтарлықтай өзгергенін байқауға болады. Бұл трансформацияның негізгі себебі – «Одиссейдің оралуы» фильміндегі басты рөлге дайындық. Айта кетейік, туындының режиссері Уберто Пазолини. 

Фото: kino-teatr.ru

Актерді баптаған жаттықтырушы

Файнспен жұмыс істеген фитнес маманы – Дэн Авасилкай. Ол актерге:

  • Арнайы күштік жаттығу бағдарламасын әзірледі

  • Ақуыз, күрделі көмірсу және көкөніске бай диета ұсынды

  • Күнделікті жүгіру мен кардио жүктемелер қосты

«Режиссер Уберто менің мықты формадағы қарт адам болғанымды қалады», – дейді Рэйф Файнс.

Фото: kick-or-die.ru

Режиссер не деді?

Уберто Пазолини бастапқыда Файнстың ақуызды шамадан тыс тұтынуына алаңдаған:

«Бастапқыда Рэйф тым көп жаттығу жасап, тым көп ақуыз жеп жатқанына алаңдадым. Бұл – кино үшін еместей көрінді. Өйткені, Ежелгі Грекияда фитнес залдары болған жоқ қой», – деді ол.

Жас – тек сан ба?

Рэйф Файнстың бұл өзгерісі әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көптеген пікірлер мен мадақтарға ие болды. Көпшілік: «Жас – бұл тек сан ғана» деген пікірді тағы бір дәлелдегеніне риза.