Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қызанақ пен қарбыз: депрессияға қарсы табиғи қару

Сарапшы, спорт журналисі
10.09.2025, 07:27

Ғалымдар көбінде қызанаққа, бұрышқа және қарбызға айрықша қызыл түс беретін ликопиннің тек дәрумендік емес,психикалық денсаулыққа да әсері барын дәлелдеуде. Жаңа зерттеу бұл табиғи антиоксиданттың депрессия белгілерін жеңілдетуге көмектесуі мүмкін екенін көрсетті.

барлық фото: ашық дереккөздерден алынған
Реклама
Реклама

Ликопин дегеніміз не?

Ликопин – табиғи пигмент әрі күшті антиоксидант. Бұған дейін ол:

  • қан айналымын жақсартатыны,
  • атеросклероз бен жүрек ауруларының қаупін азайтатыны,
  • простата безінің саулығына оң әсер ететіні,
  • кейбір онкологиялық аурулардың даму ықтималдығын төмендететіні туралы ғылыми деректер болған.

Сонымен қатар, ликопин көздің көру қабілетін, терінің серпімділігін сақтауға көмектесіп, жасушалардың қартаюын баяулатады.

Ғылыми тәжірибе: көңіл-күйге әсері

Chongqing медициналық университетінің ғалымдары тышқандарға тәжірибе жасаған: 

  • Бір топ әдеттегідей өмір сүрді.
  • Екінші топ күн сайын ликопин дозасын алды.

Нәтижесінде ликопин алған тышқандар белсенді болып, әлеуметтік байланысқа жиі ұмтылды және тәтті сусынға қызығушылық танытты. Бұл олардың көңіл-күйінің көтерілгенін және депрессияға тән белгілердің азайғанын көрсетті.

 

Миға қалай әсер етеді?

Зерттеу барысында ликопиннің ми жасушаларына оң ықпал ететіні дәлелденді. Ол:

  • BDNF ақуызының деңгейін арттырады, бұл нейрондардың тіршілігі мен өсуін қолдайды.
  • Жасушалар арасындағы байланыстарды нығайтып, миды «тыңайтады».
  • Эмоциялар мен есте сақтауға жауапты аймақтардың жұмысын жақсартады.

Қарапайым тілмен айтқанда, ликопин – миға «энергия беретін тыңайтқыш».

Ликопинді қайдан алуға болады?

Оны тек дәрі түрінде емес, тағам арқылы да қабылдауға болады. Бірақ айырмашылық бар:

  • Піскен қызанақ, томат тұздығы немесе пастасы – ең тиімді көз.
  • Май қосып пісірген қызанақта ликопин жақсырақ сіңеді.
  • Ал қарбыздағы ликопин ағзаға баяу сіңеді.

Сондықтан дәстүрлі қызанақ соусы мен томат пастасы – денсаулыққа пайдалы әрі дәмді таңдау.

Әзірге не белгілі?

Ғалымдар нәтиже бергенімен, зерттеу жануарларға жасалған. Сондықтан нақты «қызанақ жесеңіз – депрессия кетеді» деп нақты айтуға ерте. Бірақ мамандардың пікірінше, болашақта табиғи қосылыстар, соның ішінде ликопен, психикалық денсаулықты қолдауда қосымша құралға айналуы мүмкін.

Ликопин – тек қызанаққа түс беретін зат емес. Ол – жүрек-қантамыр жүйесін қорғайтын, қатерлі ісік қаупін төмендететін және миға күш-қуат беретін табиғи антиоксидант.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары