10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тоқаев қалай 9 келі тастағанын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
06.01.2026, 17:33

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақытта салмағын тоғыз килограмға азайтқанын айтып, денсаулығына қатысты пікірлерге түсінік берді.

sportX.kz

Денсаулық туралы әңгімеге жауап

Сұхбат барысында Мемлекет басшысынан денсаулық жағдайына байланысты түрлі қауесет пен қоғамдағы талқылаулар жөнінде пікір сұралған. Президенттің айтуынша, қазіргі кезде өзін жақсы сезінеді.

«Денсаулығыма шағым жоқ, қан қысымым тұрақты түрде қалыпты деңгейде. Күн сайын йогамен айналысуға дағдыландым, бірақ медитациясыз. Аптасына екі рет бұрын кәсіби деңгейде ойнаған адаммен үстел теннисын ойнаймын. Шынында да 9 келі салмақ тастадым, бұл өзімді әлдеқайда жақсы сезінуге көмектесті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ТМД басшыларының спортқа жақындығы

Президент сұхбатта ТМД елдері басшыларының арасында спортқа жақын әріптестері бар екенін де атап өтті. Оның сөзінше:

  • Владимир Путин Бішкектегі бейресми кездесуде жас дзюдошымен белдесіп, «аға буынның намысын қорғағанын» айтты;
  • Ильхам Әлиевтің де тұрақты түрде жаттығатынын, физикалық тұрғыдан мығым екенін жеткізді;
  • Садыр Жапаров футбол ойнайды;
  • Шавкат Мирзиёев залда дайындалып, спорттық бабын сақтайды;
  • Никол Пашинян велосипед тебуді ұнатады;
  • Александр Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды;
  • Эмомали Рахмон денсаулығына шағымданбайтынын, «теңізші-жауынгердің шынығуы» барын айтты.

Президенттің түйіні қысқа болды: әріптестерінің барлығы дерлік жақсы спорттық қалыпта.

Реклама
Реклама