Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Таңертең кофе ішу — пайдалы ма, зиянды ма?

Сарапшы, спорт журналисі
08.10.2025, 08:10

Көп адам таңертең бір шыны кофе ішпейінше күнін бастай алмайды. Бірақ дәрігерлер мұндай әдеттің ағзаға әрдайым пайдасы бола бермейтінін ескертеді.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Көпшілігіміздің таңымыз кофемен басталады. Бірі сергектік үшін, бірі әдеттен ішеді. Алайда мамандардың айтуынша, оянған бойда кофе іше салу — ағза үшін ең дұрыс таңдау емес.

Гастроэнтеролог әрі диетолог Нурия Дианова кофе мөлшері туралы былай дейді:

“Күніне екі шыныаяқ кофе ләззат алу үшін және денсаулыққа қауіп-қатерді азайту үшін жеткілікті... Кофені ашқарынға ішуден аулақ болу керек.” – дейді дәрігер.

Мамандар кофені таңғы астан кейін, шамамен 1–2 сағаттан соң ішуге кеңес береді. Бұл кезде ағза энергияны қайта қажет ете бастайды, ал кофеин сергектікті ұзақ сақтауға көмектеседі.

Оянған соң бір стақан жылы су ішу де пайдалы — ол ағзаны “оятуға” және зат алмасуды іске қосуға көмектеседі. Ал кофе — аздап кейін, жеңіл таңғы ас ішкен соң болса, денсаулыққа зиян тигізбейді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары