Қазір әлемде зиянды әдеттер өте көп, ал шылым шегу – ең көп талқыланатын промблеманың бірі. Бірақ күнделікті тұтынатын кейбір тағамдар ағзаға темекіден де көбірек зиян тигізуі мүмкін. Денсаулыққа аса қауіпті 5 өнімді бірге қарастырайық!
Тәтті газдалған сусын – денсаулықтың басты жауы. Оның құрамында шамадан тыс қант бар. Ол семіздікке, екі типті диабетке және жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеледі. Зерттеулерге сәйкес, газдалған сусындарды жиі тұтыну өмір сүру ұзақтығын қысқартып, метаболизмді бұзады.
Трансмайлар маргариннің, фастфудтың, кондитерлік өнімдердің және өңделген тағамдардың құрамында көп кездеседі. Олар ағзадағы "жаман" холестеринді көбейтіп, қабыну процестерін күшейтеді және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады. Кейбір елдерде олар тыйым салынғанымен көптеген өнімде әлі де қолданылады.
Бекон, сосиска, шұжықтар сияқты өнімдерде натрий нитриті сынды қауіпті консерванттар бар. Олар онкологиялық аурулардың, әсіресе ішек қатерлі ісігінің пайда болу қаупін арттырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өңделген етті канцерогенді өнімдер қатарына енгізген.
Гамбургер, картоп фри және басқа да жылдам әзірленетін тағамдар жоғары калориялы, қаныққан майларға, тұзға және жасанды қоспаларға бай. Олар семіздікке, жоғары қан қысымына және диабетке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл тағамдар ағзада созылмалы қабыну процестерін тудырады.
Көп адам қант алмастырғыштарды пайдалы деп санайды, бірақ бұл дұрыс емес. Аспартам және басқа да жасанды тәттілендіргіштер метаболикалық бұзылуларға, онкологиялық ауруларға және жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, олар қантқа тәуелділікті арттырады.