Мадридтік "Реал" құрамында үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Клуб басшылығы қазіргі маусымдағы ойын деңгейіне көңілі толмай, жазғы трансферлік терезеде бірнеше ойыншыны шығарып жіберуді жоспарлап отыр.
AS басылымының хабарлауынша, бірінші кезекте командадан 33 жастағы қорғаушы Лукас Васкес кетуі ықтимал. Оның орнына "Ливерпульден" Трент Александер-Арнольд шақырылуы мүмкін деген ақпарат бар.
Клубтан кетуі мүмкін деген тізімде 32 жастағы Давид Алаба мен 39 жастағы Лука Модрич те бар. Хорватиялық жартылай қорғаушының "Реалмен" келісімшарты осы жазда аяқталады, ал басшылық оның келісімін ұзартудың маңыздылығына күмәнмен қарап отыр.
Алабаға келсек, оның келісімі 2026 жылға дейін жарамды. Бірақ ауыр жарақаттан кейін бұрынғы деңгейін қайтара ала ма – бұл да клуб үшін үлкен сұрақ.