Салахтың сиқыры! «Ливерпуль» жұлдызы АПЛ тарихын қайта жазды

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 16:30

Жуырды мысырлық футболшы Мұхаммед Салах жаңа рекорд орнатты. 

Offside.kz

Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) 32-турында өткен ойында «Ливерпуль» шабуылшысы Мұхаммед Салах өз есімін Англия футболы тарихына алтын әріппен жазды. 

Тарихи рекорд

13 сәуір күні «Энфилд» стадионында өткен «Ливерпуль» – «Вест Хэм» матчында (2:1) Салах нәтижелі пасымен көзге түсіп, АПЛ тарихындағы ең көп гол мен нәтижелі пас берген футболшы атанды. Қазіргі таңда египеттік футболшының есебінде:

  • 27 гол,
  • 18 нәтижелі пас,
  • Барлығы – 45 голдық әрекет.

Бұл көрсеткіш бұрын-соңды бір маусымда 38 матч шеңберінде ешбір футболшыға бұйырмаған. Осылайша Салах Тьерри Анри (2002/2003) және Эрлинг Холандтың (2022/2023) жетістіктерінен асып түсті.

«Ливерпуль» чемпиондық жолда

Салахтың жарқын ойыны «Ливерпульдің» чемпиондық бәсекедегі орнын нығайтты. Қазіргі таңда клуб 76 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы лондондық «Арсенал» 63 ұпаймен артта келеді. Тағы бір сенсациялық команда – «Ноттингем Форест» 57 ұпаймен үшінші орында.

Жаңа келісімшарт

Жуырда «Ливерпуль» ресми түрде Салахпен жаңа келісімшартқа қол қойғанын жариялады. Оның мерзімі 2 жылға жарамды.