Абдукодир Хусанов Криштиану Роналдумен бір клубта ойнауы мүмкін

Редактор Penalty.kz
20.04.2025, 11:35

Криштиану Роналду "Манчестер Ситиге" уақытша ауысуы мүмкін. 

sportbox.ru

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду жақын арада "Манчестер Сити" клубымен қысқа мерзімді келісімшартқа қол қоюы мүмкін. Батыс БАҚ-тарының хабарлауынша, клуб Роналдуды бір айға жалға алып, оны Клубтық әлем чемпионатында ойнауға ниетті.

Қазір Сауд Арабиясының "Әл-Насрда" өнер көрсетіп жүрген Роналду бұл ұсынысты қарастыруға әзір. Ал арабтық клуб басшылығы ойыншының жаңа турнирге қатысуға деген ынтасын қолдап, оны бір айлық арендаға жіберуге қарсы емес.

Айта кетейік, қазір "Манчестер Сити" құрамында ойнап жүрген өзбекстандық жас қорғаушы Абдукодир Хусанов команданың болашағы зор ойыншыларының бірі саналады. Егер Роналдудың ауысуы іске асса, Хусанов әлемдік футбол аңызының қатарында жаттығып, бір алаңда ойнау мүмкіндігіне ие болады.