Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Зенитте" бүлік: Нұралы Әліптің командаластары бас бапкерге қарсы шықты

Редактор Penalty.kz
29.04.2025, 05:13

Ресейлік "Зенит" футбол клубында ішкі келіспеушілік туындады. Команда ойыншылары бас бапкер Сергей Семактың жұмысына наразы. 

fc-zenit.ru
Реклама
Реклама

Футболшылар неге ренжіді?

Inside RPL Telegram-арнасының мәліметінше, бірқатар ойыншы Семактың биылғы маусымда команданы чемпиондыққа жеткізе алмайтынына сенімді. Олардың айтуынша, бас бапкердің тактикалық таңдауы мен қабылдаған шешімдері бірнеше маңызды матчта ұтылуға себеп болған. Сонымен қатар футболшылар өздерінің алаңдағы орнына көңілі толмайтынын жасырмайды.

Басты қарсыластар кімдер?

Ақпарат көздері наразылардың ішінде екі футболшының есімін атады: Максим Глушенков пен Матео Кассьерра. Олар Семактың әдісіне ашық қарсы шыққан. Айта кету керек, Сергей Семак команда ішіндегі бұл жағдайдан хабардар болғанымен, ұжымда іріткі тудырмас үшін ешқандай қадам жасамай отыр.

Нұралы Әліптің жағдайы

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп те "Зенит" сапында ойнайды. Ол 2023 жылдан бері клубтың намысын қорғап келеді. Алайда Семактың тұсында Нұралы негізгі құрамның тұрақты ойыншысы бола алған жоқ. Бұл жағдай оның жеке мансабына да әсер етуде.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары