Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Қайраттың" 16 жастағы шабуылшысына "Зенит" пен ЦСКА қызығушылық танытуда

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 09:31

Қазақстан футболының жас таланты, "Қайрат" клубының шабуылшысы Дәулет Орынбасар ресейлік алпауыт командалардың назарын аударып отыр.

fckairat.com
fckairat.com

Өткен маусымда Дәулет Орынбасар Қазақстанның жасөспірімдер лигасындағы 17 ойында 28 гол соғып және 14 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіштер оны лиганың ең тиімді ойыншыларының біріне айналдырды. Оның статистикасы тіпті Дастан Сәтпаевтың көрсеткішінен де асып түсті.

"Азия-Спорт" басылымының мәліметінше, "Қайрат" клубының иесі Қайрат Боранбаев Дәулет Орынбасардың трансфері бойынша ресейлік клубтармен келіссөздер жүріп жатқанын растады.

"Біз Дәулетті кез келген жерге сата салғымыз келмейді. Басты мақсатымыз — оның барған клубында негізгі құрамның тұрақты ойыншысы атануы", – дейді Боранбаев.

Оның айтуынша, жас футболшының әлеуеті өте жоғары, және ол келешекте халықаралық ареналарда да көзге түсуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір