Клубтың бас бапкері Пеп Гвардиола ашығын айтты.
«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановтың неге соңғы матчтарда алаңға шықпай жүргенін түсіндірді.
Абдукодир Хусанов 2025 жылдың басында «Ситидің» негізгі ойыншыларының бірі ретінде танылып, өз шеберлігімен көзге түскен болатын. Алайда 30 наурызда «Борнмутқа» қарсы Англия Кубогы матчында үзілісте алаңнан алмастырылғаннан бері бапкер оны алаңға шығармады.
Пеп Гвардиола бұл шешімнің бірнеше себебі бар екенін айтты:
«Абдукодир сол ойында сары қағаз алды. Сол себепті мен оны қауіпке тігуді қаламадым. Бізде сол жақ қапталдағы тепе-теңдік өте маңызды. Сонымен қатар, жарақаттар әсер етті. Ол және Витор Рейс – өте талантты, бірақ әлі жас ойыншылар», — деді бапкер.
Гвардиоланың айтуынша, команданың қорғаныстағы конфигурациясы Нико Гонсалес пен Йошко Гвардиоланың күтпеген нәтижелерінен кейін өзгерген:
«Мен Нико осынша көп ойын өткізеді деп күтпедім. Йошко орталықты қорғауға ығысты. Біз жұмыс істейтін жүйені таптық. Бірақ бұл Хусановтың уақыты өтті деген сөз емес — оның уақыты әлі келеді».
Пеп Гвардиола жастарға арналған маңызды кеңесімен де бөлісті:
«Бұл — жақсы сабақ. Басты құрамдағы орынды өзіңе тиесілідей көруге болмайды. Ешкім ертең алаңға шығады деп кепіл бере алмайды».
Абдукодир Хусанов әлі күнге дейін Пеп Гвардиоланың жоспарында бар және оның мансаптық мүмкіндіктері алда. Жас өзбекстандық қорғаушы Манчестер Ситидегі өз орнын қайта алуға толық мүмкіндігі бар.