Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ямаль? «Алтын допқа» жаңа фаворит аталды

Сарапшы, спорт журналисі
02.05.2025, 14:33

Жуырда Goal басылымы 2025 жылғы үздіктер рейтингін жариялады. 

vesti.kz
vesti.kz

2025 жылғы «Алтын допқа» үміткерлердің жаңартылған тізімі жарық көрді. Goal порталы жариялаған рейтингке сәйкес, жаңа маусымның басты фавориттері арасында көпшілік күтпеген есімдер бар.

Ямаль көш бастап тұр ма?

Goal интернет-платформасы «Алтын доп» (Ballon d’Or) жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған ТОП-10 тізімін жариялады. Биылғы тізімде жаңа фавориттер мен “Барселона” ойыншыларының басымдығы айқын байқалады.

Фото: İdman.biz

2025 жылғы «Алтын допқа» басты үміткерлер:

  1. Усман Дембеле – ПСЖ (Франция)
  2. Ламин Ямаль – Барселона (Испания)
  3. Рафинья – Барселона (Испания)
  4. Педри – Барселона (Испания)
  5. Мұхамед Салах – Ливерпуль (Англия)
  6. Роберт Левандовски – Барселона (Испания)
  7. Джанлуиджи Доннарумма – ПСЖ (Франция)
  8. Харри Кейн – Бавария (Германия)
  9. Килиан Мбаппе – Реал Мадрид (Испания)
  10.  Нуну Мендеш – ПСЖ (Франция)

“Барселона” мен ПСЖ — көш басында

Тізімде "Барселона" клубының бірден төрт ойыншысы бар (Ямаль, Рафинья, Педри, Левандовски). Сондай-ақ ПСЖ де үш өкілмен кіріп отыр (Дембеле, Доннарумма, Мендеш). Бұл клубтардың Еуропадағы үстемдігін айқын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік:

  • 2024 жылғы «Алтын доп» иегері — «Манчестер Сити» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри болды.
  • Екінші орынды — «Реал Мадрид» ойыншысы Винисиус Жуниор,
  • Үшінші орынды — Джуд Беллингем иеленді.

Былтыр марапатты табыстау рәсімі қазан айының 28-інде Парижде өткен болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір