Қазақстандық миллиардер иелік ететін ағылшындық клубтың тағдыры белгілі болды

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 10:36

"Уиком" плей-оффтың жартылай финалындағы қарымта матчта сырт алаңда "Чарльтон Атлетик" командасынан 0:1 есебімен жеңілді. Ойын тағдырын 81-минутта Мэтт Годден соққан гол шешті. Екі команда арасындағы алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталғандықтан бұл жалғыз гол лондондық ұжымды финалға шығарды. 

theguardian.com

"Уиком Уондерерс" Чемпионшип жолдамасынан қағылды

Ағылшын футболының Лига 1 додасында ойнайтын "Уиком Уондерерс" Чемпионшипке өту мүмкіндігінен айырылды. Клубтың 2023 жылдан бергі иесі — Kaspi.kz басшысы, қазақстандық кәсіпкер Михаил Ломтадзе. 

Чемпионшипке жол — финалдағы шайқас

"Чарльтон Атлетик" енді Чемпионшипке берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салатын финалда "Лейтон Ориент" командасымен кездеседі. Финалдың нақты күні мен өтетін орны жақын арада хабарланады.

Михаил Ломтадзе және "Уиком" жобасы

Қазақстанның танымал кәсіпкері Михаил Ломтадзе 2023 жылы "Уиком Уондерерс" клубының бақылау пакетін сатып алған. Бұл келісім Kaspi.kz негізін қалаушының Еуропа футболына қадам басуындағы алғашқы қадамы ретінде қарастырылады. Оның басты мақсаты — клубты жаңа деңгейге шығару және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті ету.