
Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы анықталды. Бірінші орында – белоруссиялық жартылай қорғаушы, ал отандық футболшылар арасында "Ақтөбе" клубының орталық қорғаушысы көш бастады.
Transfermarkt дерегіне сүйенсек, қазір Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат футболшысы – алматылық "Қайраттың" шабуылшы жартылай қорғаушысы Валерий Громыко. 28 жастағы Беларусь легионерінің нарықтық құны 1 миллион еуроға бағаланған.
Громыко биылғы маусымда шебер ойынымен көзге түсіп, командасының шабуылын ұйымдастыруда басты фигураға айналды. Оның көшбасшылық қасиеттері мен тұрақты өнері трансферлік құнын айтарлықтай өсірді.
Отандық ойыншылар арасында ең қымбат футболшы болып Әлібек Қасым танылды. "Ақтөбе" командасының 26 жастағы орталық қорғаушысы Transfermarkt сарапшыларының бағалауынша 900 мың еуроға тең бағаланған.
Қасым соңғы маусымдарда тұрақты әрі сенімді ойын көрсетіп келеді. Оның физикалық дайындығы, ойын оқу қабілеті мен тактикалық сауаты шетелдік скауттардың да назарын аударған.
Қазақстан Премьер-Лигасының ең қымбат ойыншылар қатарына келесі футболшылар енген: