Еуропа лигаларында 17 жасқа дейінгі үздік шабуылшылардың жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл тізімді футбол әлеміндегі беделді Transfermarkt порталы ұсынды. Қазақстандық талант Дастан Сәтпаев үздік үштіктен көрінді.
"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев 12 матчта 7 гол соғып, рейтингте үшінші орынға тұрақтады. Жас футболшының нәтижелілігі оның болашағы зор екенін дәлелдей түседі.
Тізімнің алғашқы орнын "Барселона" клубының 16 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль иеленді. Ол 52 кездесуде 16 гол салып, өз буынындағы ең нәтижелі футболшы атанып отыр.
Екінші орында — эстониялық "Харью" ФК ойыншысы Стивен Кангур. Ол бар болғаны екі матчта жеті гол соғып, сенсациялық нәтиже көрсетті.
Топ-9 үздік шабуылшы (U-17):