Португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының 34-турында "Әл-Фатахқа" қарсы ойында гол соғып, әлем футболында жаңа рекорд орнатты.
"Әл-Наср" сапында өнер көрсетіп жүрген Роналду 2:3 есебімен аяқталған ойында мергендігімен тағы көзге түсті. Бұл гол оның кәсіби мансабындағы 936-шы голы болып тіркелді. Бұл қазір әлем футболындағы абсолюттік рекорд.
Сонымен қатар ол клубтық деңгейдегі 800-ші голын соғып, ерекше межеге жетті. Роналдуның мансабы Португалияның "Спортингінен" басталып, "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид", "Ювентус" және қазіргі "Әл-Наср" клубтарында жалғасты.
Криштану 2024/25 жылғы маусымдағы Сауд Арабиясының ішкі чемпионатында 25 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Оның артынан:
40 жасқа толғанына қарамастан Роналдуның физикалық дайындығы, кәсібилігі мен гол соғу қабілеті әлі де жоғары деңгейде. Ол жас шабуылшыларға үлгі боларлық мықты тұлға екенін дәлелдеп келеді.